UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов Астанадағы жауынгерлік өнер фестиваліне қатысты

Фотография - UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов Астанадағы жауынгерлік өнер фестиваліне қатысты

Бүгін елордада Астананың 18 жылдығына арналған екінші жауынгерлік өнер фестивалі аяқталды.

239 0

Аралас стильдегі кәсіпқой спортшы, миллиондаған адам пір тұтатын тұлға Хабиб Нурмагомедов Астанада ережесіз ұрыстар бойынша жаттығуды өткізді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

Бүгін елордада Астананың 18 жылдығына арналған екінші жауынгерлік өнер фестивалі аяқталды. "Дәулет" ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан спорттық шараға джиу-джитсу, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, самбо және басқа да 7 жекпе-жек түрі бойынша ең үздік шеберлер жиналды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Жапония және Филиппин мемлекеттерінің танымал спортшылары көрермендерге 11 көрнекі ұрыс көрсетті.

Жалпы көрнекі ұрыстар мен қойылымдарға әлемнің мемлекетінен барша әлемге танымал 250 спортшы қатысты. Биыл ұйымдастырушылар көрермендер үшін көптеген тосын сый әзірледі. Мысалы, қонақтар нағыз жапон сумосын немесе сирек кездесетін пекити-тирсия кали жауынгерлік қаруын пайдалана білу өнерін, сонымен қатар, былтыр болмаған бірқатар дисциплиналарды тамашалады.

Мұнымен қоса, елорданың барлық спорт федерацияларында шақырылған атақты спортшылар бірнеше күн бойы тегін шеберлік дәрістерін өткізді, оларға қатысам деушілердің бәрі де қатыса алды.

Вин-Чун халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті Сифу Дональд Мак астаналықтарға Вин-Чун техникасын үйретті.

"Бұл елге алғаш рет келіп отырмын. Маған бәрі де ұнады. Ел ордасы керемет әсер қалдырды, бұл жас және өте әдемі қала. Фестиваль аса жоғары деңгейде өтті. Бұл шара аса пайдалы, ол өскелең ұрпаққа үлгі болады, олардың спортпен шұғылдануы және салауатты өмір салтын ұстануы өте маңызды. Қазақстандықтар мейірімді және қонақжай халық, мен осыны байқадым, сондықтан баршаңызға бақыт пен игілік тілеймін", - деді Дональд Мак.

Ал тай боксының артықшылықтары мен мықтылығы туралы аталмыш жауынгерлік өнер түрінен кәсіпқойлар арасындағы Әлем және Еуропа чемпионы Артем Левин баяндады.

Айта кетейік, фестивальге қатысушылар осы бір кең ауқымды шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл елордада жауынгерлік өнерді дамытуға жаңа бағыт пен серпін береді



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!