Буэнос-Айресте Мессиге ескерткіш қойылды

Фотография - Буэнос-Айресте Мессиге  ескерткіш қойылды

Қоладан құйылған ескерткіштің ашылуына шаһар мэрі Орасио Родригес Ларретаның өзі қатысқан.

241 0

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте "Барселона"  шабуылшысы Леонель Мессидің мүсіні қойылды, деп хабарлады 24.kz.

Қоладан құйылған ескерткіштің ашылуына шаһар мэрі Орасио Родригес Ларретаның өзі қатысқан. Ол бірер күн бұрын ұлттық құрамадағы мансабын тоқтатқан Мессиді бұл ойынан бас тартуға шақырған еді. Мұндай ұсынысты бұған дейін ел президені Маурисио Макри мен аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона да жасаған еді. Бірақ Месси әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ол Америка Кубогының финалында Чили құрамасынан жеңіліс тапқаннан кейін ұлттық құрамда өнер көрсетуді тоқтататынын мәлімдеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!