Алматы 2018 жылы футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатын қабылдайды

Фотография - Алматы 2018 жылы футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатын қабылдайды

Бұл туралы ҚР студенттер спорты федерациясының Президенті Қайрат Закирьянов хабарлады.

344 0

Алматы 2018 жылы футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы ҚР студенттер спорты федерациясының Президенті Қайрат Закирьянов хабарлады.

"2018 жылы футзалдан студенттік командалар арасындағы  әлем чемпионаты Алматыда өтеді. Футзал­дан студенттер арасындағы Әлем чемпионатын өткізуге  8 мемлекет үміткер болып, арасынан Алматы жеңімпаз деп танылды. Алда болатын Бразилиядағы чемпионат аяқталысымен, арнайы FISUдың туын Қазақстанға беру рәсімі өтеді. Бұл біздің ортақ жеңісіміз",-  деп ағынан жарылды  Қ. Закирьянов.

Сондай-ақ, ҚР студенттер спорт федерациясының басшысы 3-10 шілде аралығында Бразилияның  Гояния қаласында өтетін  футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионатына бара жатқан Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі.

Фото -

"Футзалдан студенттер арасында Әлем чемпионаты екі жылда бір өткізіліп жүр. Ең алғаш 1984 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қолдауымен өткен болатын. 2008 жылдан бастап, әлем біріншілігіне қыздар да сайысқа түсіп жүр. Осы  жылы аталған чемпионатқа жиырмадан астам команда қатысады. Олардың арасында біздің ерлер мен қыздардан жасақталған екі командамыз бар. Өз атымнан, федерация атынан ел намысын қорғауға бара жатқан студенттерге ақ жол тілеймін",- деді ҚР студенттер спорты федерациясының басшысы Қ.Закирьянов.

2016 жылғы Футзалдан студенттер арасындағы Әлем чемпионаты 2-10 шілде аралығында Бразилияның Гояния қаласында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!