"AstanaCup – 2016" шарасына 500 артық каратэші қатысады

Фотография - "AstanaCup – 2016" шарасына 500 артық каратэші қатысады

Додаға балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер қатысады.

241 0

2 шілдеде елордада каратэ шинкиокушинкайдан дәстүрлі ХII "Astana Cup – 2016" ашық халықаралық турнир өтеді. Додаға балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер қатысады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Екі күн бойы Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан каратэшілері татамиде күш сынасады. Еліміздің 15 қаласынан келген жас спортшылардың да шеберлік байқасатынын айта кеткеніміз жқн. Турнирдің құрметті қонақтарының ішінде каратэ шинкиокушинкай дүниежүзілік ұйымының президенті Кенджи Мидори және атқарушы директор Ясуказу Кои болады.

– Каратэ ең батыл, қатал, кеңінен тараған спорт түрі. Каратэмен шұғылданатын жас спортшылар уақыт өте келе жақсы атлет, жеңімпаздар болады, дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс 2 және 3 шілдеде "Дәулет" спорт комбинатының ғимаратында өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!