Еуро-2016: Португалия Польшадан басым түсті

Фотография - Еуро-2016: Португалия Польшадан басым түсті

Есеп 1:1 (5:3).

198 0

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында сынға түскен Польша мен Португалия құрама командалары Марсель қаласында кездесті. Бұл туралы egemen.kz жазады.

Польша – Португалия 1:1 (1:1) пенальти 3:5

Стадион: "Велодром".

Төреші: Феликс Брых (Германия).

Польша: Фабьянски, Пишек, Глик, Паздан, Енджейчик, Блащиковский, Крыховяк, Мончиньски (Йодловец 98), Гросицки (Капустка 82), Милик, Левандовски.

Португалия: Патрисиу, Седрик, Пепе, Фонте, Элизеу, Карвалью (Данилу 96), Мариу (Куарежма 80), Саншеш, Адриен (Моутинью 73), Нани, Роналду.

Голдар: Левандовски 2 – Саншеш 33.

Пенальти сериясы: 1:0 – Роналду, 1:1 – Левандовски, 2:1 – Санчес, 2:2 – Милик, 3:2 – Моутинью, 3:3 – Глик, 4:3 – Нани, 4:3 – Блащиковски (қақпашы), 5:3 – Куарежма.


Ескерту алғандар: Енджейчик 42, Глик 66, Капустка 89 – Адриен 70, Карвалью 90.

Тартысты өткен жекпе-жекте Португалия құрамасының жолы болып, кезекті рет жартылай финалға шықты. Ойын бастала сала бірден шабуылға көшкен поляктар небәрі 2-минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Роберт Левандовскидің соққан голы Еуропа чемпионатының тарихындағы ең жылдам голдардың біріне айналды. Португалдар осыдан кейін таразы басын теңестіру үшін барын салды. Жас талант, 18 жастағы Ренату Саншеш бірінші тайм аяқталмай жатып, 33-минутта мергендігімен көзге түсіп, маңызды допты тоғытты. Осының арқасында дүбірлі доданың плей-офф кезеңінде гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Бір қызығы, Португалия құрамасы биылғы Еуропа чемпионатында өткізген барлық 5 ойынында негізгі уақытты тең есеппен аяқтаған екен.

Қос команда осыдан соң қаншама қауіпті шабуыл ұйымдастырса да, есеп өзгеріссіз қалды. Матч соңындағы пенальти сериясында Криштиану Роналду бастаған команда мүмкіндігінің бәрін пайдаланып, ½ финалға жолдама алды. Ал Польша құрамасынан Якуб Блащиковски қақпашы Руи Патрисиудан айласын асыра 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!