Астанада VI "Қазақстан Барысы" турнирі басталды

Фотография - Астанада VI "Қазақстан Барысы" турнирі басталды

1-орын – 25 000 000 теңге, 2-ші орын – 5 500 000 теңге, 3-ші орын – 1 800 000 теңге.

217 0

"Cарыарқа" велотрегінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VI "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі басталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 34 балуан қатысып жатыр.

Финалдық кездесуде жеңімпаз атанған балуан – "Қазақстан Барысы" атағына ие болып, турнирдің бас жүлдесі "Тайтұяқты" иеленеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі белбеулермен және қаржылай марапатталады: 1-орын – 25 000 000 теңге, 2-ші орын – 5 500 000 теңге, 3-ші орын – 1 800 000 теңге.  Сондай-ақ, ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына да беріледі.

Осы жылы "Қазақстан Барысы 2016" турнирі ақтық сайысына төмендегі балуандар қатысады:

1. Айтуар Абдулов – Астана қаласы

4. Мереке Тұрашев – Ақмола облысы

3. Айбол Айтбек – Жамбыл облысы

4. Дұлат Алпысов – Солтүстік-Қазақстан облысы

5. Алтынбек Аусағитов – Солтүстік-Қазақстан облысы

6. Бекзат Ахметбеков – Қарағанды облысы

7. Руслан Әбдіразақов – Қызылорда облысы

8. Талғат Әмренов – Әскер Барысы

9. Асыл Бәрменов – Қарағанды облысы

10. Виктор Демьяненко – Алматы қаласы

11. Еркебұлан Егінбаев – Павлодар облысы

12. Еламан Ерғалиев - Қызылорда облысы

13. Сержан Ерлан – Батыс Қазақстан облысы

14. Жұманазар Ерсұлтанов – Оңтүстік Қазақстан облысы

15. Дәулетхан Жақыпов – Жамбыл облысы

16. Нұрдәулет Жарылғапов – Маңғыстау облысы

17. Сұңғат Закарияев – Атырау облысы

18. Ербол Игілік – Маңғыстау облысы

19. Нұрсұлтан Иманғазин – Ақтөбе облысы

20. Александр Касачёв – Алматы облысы 

21. Бауыржан Қабай – Алматы қаласы

22. Абылайхан Қасымхан – Қостанай облысы

23. Асхат Құсайынов – Шығыс Қазақстан облысы

24. Кенжебек Күзембаев – Атырау облысы

25. Самир Мәмедов – Павлодар облысы

26. Нұрсұлтан Мыңғышов – Оңтүстік Қазақстан облысы

27. Айбек Нұғымаров – Шығыс Қазақстан облысы

28. Ерлан Омаров – Қостанай облысы

29. Ұлан Рысқұл – Алматы облысы

30. Айбат Сейтен – Астана қаласы

31. Леонид Станеев – Ақмола облысы

32. Олжас Сүлейменов – Батыс Қазақстан облысы

33. Дархан Темірханов – Ақтөбе облысы

34. Бейбіт Ыстыбаев – "Қазақстан Барысы" (2012, 2015)

Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет турнир жеңімпазына ақшалай сыйлықтан бөлек, Астана қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілті беріледі. Сонымен қатар, турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!