Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте "Қазақстан Барысы" атанды

Фотография - Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте "Қазақстан Барысы" атанды

Бұл "Қазақстан барысы" турнирінің алтыншы маусымы болатын.

164 0

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің алтыншы маусымы мәресіне жетті. Жарыс жеңімпазы болып қарсылас шақ келтірмеген Бейбіт Ыстыбаев танылды. Ол финалда ОҚО-дан келген Жұманазар Ерсұлтановты жеңді. Ал үшінші орын Жамбыл облысының палуаны Айбол Айтбекке бұйырды. 

"Қазақстан барысы" жеңімпазына 25 миллион теңге және Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер беріледі. Екінші орынға 5,5 миллион теңге бұйырса, қола белбеу иесі 2 млн 800 теңге жеңіп алды.

Бейбіт Ыстыбаев осымен төртінші рет финалға шығып оның үшеуінде жеңімпаз атанып отыр. Бейбіттен өзге "Қазақстан барысын" Шығыс Қазақстандық Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров және қызылордалық Ұлан Рысқұл жеңген болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!