Франция Исландия құрамасын ұтып жартылай финалға шықты

Фотография - Франция Исландия құрамасын ұтып жартылай финалға шықты

Франция құрамасы жартылай финалда Германиямен кездеседі.

263 0

Футболдан Франция жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар толық анықталды. Ең соңғы болып жартылай финалға алаң қожайындары Франңия құрамасы шықты. Олар Исландия құрамасын 5-2 есебімен ұтты. Франциядан өзге Германия, Португалия және Уэльс құрамалары жартылай финалға шыққан болатын. Жартылай финалда Португалия Уэльспен, Германия Франциямен кездеседі. 

Франция - Исландия 5:2 (4:0)

Голдар: Жиру 12 (1:0), Погба 19 (2:0), Пайе 42 (3:0), Гризманн 45 (4:0), Сигторссон 56 (4:1), Жиру 59 (5:1), Бьярнасон 84 (5:2).

Ескерту алғандар: Бьярнасон 58, Умтити 75.

Франция: Льорис, Санья, Косьельни (Мангаля 72), Умтити, Эвра, Погба, Матюиди, Сиссоко, Гризманн, Пайет (Коман, 80), Жиру (Жиньяк 60).

Исландия: Хальдерссон, Сэварссон, Арнасон (Ингасон 46), Р. Сигурдссон, Скуласон, Гудмундссон, Гуннарссон, Г. Сигурдссон, Бьярнасон, Сигторссон (Гудьонсен 83), Бедварссон (Финнбогасон 46).

Төрешілер: Бьорн Куйперс, Сандер ван Рукел, Эрвин Зейнстра (Бәрі - Голландия).




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!