"Қайрат" Стас Покатиловты таныстырды

Фотография - "Қайрат" Стас Покатиловты таныстырды

Ол алматылық клубтың қатарында маусым соңына дейін өнер көрсетеді.

127 0

Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың клуб қатарын толықтырғанын хабарлады. 

"Қайратпен" Стас арасындағы келісім- шарт осы маусымның соңына дейін жасалды. Алматылық команда қатарында ол 27 номермен өнер көрсетеді. 

Фото -

Стас Покатилов спорттық мансабын 2010 жылы оралдық "Ақжайық" клубында бастаған. Сонымен қатар, "Шахтер", "Ақтөбе" клубтарында ойнаған. 2016 жылы Құрбан Бердыев жаттықтыратын ресейлік "Ростовпен" келісім- шартқа отырған. Оның командасы осы маусымда Ресей біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Дегенмен, Стас Покатилов Ресей біріншілігінде әлі бірде- бір ойын өткізген жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!