Елбасы Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады

Фотография - Елбасы Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады

Рио олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді

529 0

Бүгін Ақордада Елбасы Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады.

"Біздің туды Руслан Жапаров қабылдап алады. Ол бұл туды Олимпиада стадионына салтанатпен алып кіріп, үлкен жеңістермен оралсын", - деді Елбасы Туды спортшыға табыстап.

"Аса құрметті Елбасы! Сіздің қолыңыздан алған  байрағымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің Әнұранын асқақтатып қайтуға серт береміз. Сеніміңізге рахмет!" - деді Руслан Жапаров.

Фото -

Рио Олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстанның споршылары 26 спорт түрінен 100 ден аса жолдама жеңіп алды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!