Құрама сапында Ильиннің орнына Риоға баратын спортшы 11 шілдеде таңдалады

Фотография - Құрама сапында Ильиннің орнына Риоға баратын спортшы 11 шілдеде таңдалады

Ильин 2016 жылғы олимпиадаға қатыстырылмаған жағдайда оның бапкері соттаспақ ниетте.

2125 0

Тиым салынған препараттарды қолданды деп айыпталған қазақстандық ауыр атлеттер сотта жасалған сараптаманың қате екенін дәлелдемек. Бұл туралы Қазақстанның Риода өтетін Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінен тыс орында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни айтып берді, деп жазады Today.kz.   

"Олар әлі дайындалуда. Әлі ештеме белгісіз. ХОК шешетін болады. Бұл сұрақпен біздің олимпиядалық комитет айналысуда. Егер оларды өткізбесе соттасамыз. Илья Илинннің қызметі уақытша тоқтатылды, егер оны қатыстырмаса, оның орнына басқа біреу барады. Кімнің баратыны 11 шілдеде қаралады", - деді Алексей Ни.

Ал ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы жолы жарыстан шеттетілген спортшылар келесі Олипиада ойындарына қатыса алатындығын жеткізді. Ол Ильин, Чиншанло, Подобедова мен Манезаның 2016 жылғы Олипиада ойындарына қатысуы бойынша ХОК тәртіптік комиссиясының шешімі 10 шілдеге дейін белгілі болатындығын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Халықаралық ауыр атлетика комитеті (IWF) Илья Илиннің 2008 жылғы Олипиада ойындарындағы допинг-сынамасын тексергеннен кейін допинг қолданылғанын растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!