Владимир Седов Рио Олимпиадасына баруы мүмкін

Фотография - Владимир Седов Рио Олимпиадасына баруы мүмкін

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовқа Олимпиада ойындарына қатысуға тағы бір мүмкіндік берілмек

483 0

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовқа Олимпиада ойындарына қатысуға тағы бір мүмкіндік берілмек. Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни мәлімдеп отыр. 

"Владимир Седовтың жағдайы төмендегідей. Біз оған өзін көрсетіуге тағы бір мүмкіндік беріп көрмекпіз. Ол қортынды іріктеу турниріне қатысады. Бірақ, өзгелермен бірге емес.Өз мімкіндігін ол 12 маусымда Талдықорғанда көрсете алады", деді Алексей Ни.

Естеріңізге салсақ, Седов Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде 94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсету керек болған. Алайда ол штанганы көтеріп өз мықтылығын дәлелдеудің орнына үстінде 2012  жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Александр Ивановтың суреті бейнеленген жейде киіп шығып "Міне сендерге нығыз чемпион керек болса" деп айғайлап оны залда отырған көрермендерге лақтырып жіберген және жарысқа шығудан бас тартқан

Осы әрекетінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни оны құрамадан аластатылғанын және Олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеген. 

Владимир Седов - 2009 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ, 2013 жылы қола,2014 жылы күміс жүлде еншілеген. Оның Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибсі де бар. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орыннан көрінген. Үздік үштікті қортындылаған армяндық спортшымен бірдей нәтиже көрсеткенімен жеке салмағының ауыр болуына байланысты жүлдесіз қалған. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!