Франция өз жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына шықты

Фотография - Франция өз жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына шықты

Енді олар финалда Португалия құрамасымен кездеседі

359 0

Олар жартылай финалда әлем чемпионы Германия құрамасын 2-0 есебімен ұтты. Кездесудегі екі голды да "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн соқты. Франция финалда Роналду бастаған Португалия құрамасымен кездеседі. Финал жексенбі күні Астана уақытымен түнгі сағат 1:00 де болады. Франция соңғы рет  2000-жылы Еуропа чемпионы атанған еді. Ал Португалия болса 2004- жылы өз жерлерінде өткен Еуропа чемпионатының финалына шығып Грекия құрамасына есе жіберген.

Германия - Франция - 0:2 (0:1)

Голдар: Гризманн 45 (пен), 72.

Германия: Нойер, Хеведес, Боатенг (Мустафи 61), Хектор, Киммих, Джан (Гетце 67), Швайнштайгер (Сане 79), Кроос, Озил, Дракслер, Мюллер.

Франция: Льорис, Косьельни, Эвра, Санья, Умтити, Погба, Матюиди, Пайет (Канте 71), Сиссоко, Гризманн (Кабай 90+1), Жиру (Жиньяк 78).

Ескерту алғандар: Джан 36, Эвра 43, Швайнштайгер 45, Озил 45, Дракслер 50, Канте 75.

Төреші: Никола Риццоли.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!