Батыр Жүкембаев төртінші жеңісіне жетті

Фотография - Батыр Жүкембаев төртінші жеңісіне жетті

Оның қарсыласы 23 жастағы мексикалық Рэнди Лосано болатын

168 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейін өткізген үш кездесуінің барлығын да уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр Жүкембаевтың төртінші кездесуі де белгіленген мерзімінен ерте аяқталды. Осыған дейін 21 кездесу өткізіп, оның онын жеңіп, тоғызында ұтылып, екі кездесуін тең аяқтаған 23 жастағы мексикалық  Рэнди Лосано Батырға тек үш раунд қана қарсылық көрсете алды. 

Қазіргі таңда Батыр Жүкембаев дайындықтарын канадалық Давид Лемьенің жаттығу лагерінде жүргізеді. Ол бірінші орта салмақта өнер көрсетеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!