Португалиялықтар қосымша уақытта Франция құрамасын ұтты

Фотография - Португалиялықтар қосымша уақытта Франция құрамасын ұтты

Еуропа чемпионатының негізгі уақыты еш есепсіз аяқталған болатын.

394 0

Еуро-2016 матчының финалында Португалия құрамасы қосымша уақытта Франция құрамасын жеңіп шықты, деп жазады Today.kz.

Қосымша уақыт берілген соң,  ойынның 108 минутында португалиялықтардың шабуылшысы Антонио Эдер 22 метр жерден допты қақпаға тура соқты. Есеп 1:0. Төреші ысқырығына дейін алаң иелері есепті теңестіре алмады. Осылайша Еуропа чемпионаты тарихында алғаш рет Португалия құрамасы жеңіске жетті.


Португалиялықтардың арқа сүйері Криштиану Роналду Франция құрамасының ойыншысы Димитри Пайетпен соқтығысып қалып, сол аяғынан жарақат алған соң бірінші тайымда-ақ алмастырылды. Дегенмен ол қосалқы ойыншылар орнынан өз командасына дем беруге тырысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!