Еуропа чемпионатының финалында "Спортингтен" шыққан он футболшы ойнаған

Фотография - Еуропа чемпионатының финалында "Спортингтен" шыққан он футболшы ойнаған

Португалия құрамасы Францияны ұтып Еуропа чемпионы атанды

268 0

Еуропа чемпионатының финалында Португалия құрамасының алаңда ойнаған он төрт  футболшысының оны "Спортинг" футбол клубының академиясынан шыққандар.Олар: Криштиану Роналду, Нани, Рикарду Куарежма, Жоау Моутинью, Жозе Фонте, Седрик Соареш, Руй Патрисиу, Уильям Карвалью, Жоау Мариу және Адриен Силва. Ал қалған төрт футболшы,яғни, Эдер, Ренату Саншеш, Рафаэл Геррейру және Пепе  сәйкесінше "ЭйДиСи Академиа", "Бенфика", "Кан" және "Коринтианс Алагоан" акадеиясының түлектері.

Естеріңізге салсақ, Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында алаң қожайындары Франция құрамасын ұтқан болатын. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 109 минутында шабуылшы Эдер соққан. 

Португалия құрамасы Еуропа чемпионатын ұтып алған оныншы ел атанды. Бұған дейін құрлық біріншілігінде СССР, Испания (үш рет), Германия (үш рет), Греция, Франция (екі рет), Италия, Чехословакия, Нидерланды және Дания құрамалары топ жарған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!