"Жібек жолы" раллиіне қатысушылар елордаға келеді

Фотография - "Жібек жолы" раллиіне қатысушылар елордаға келеді

Бүгінгі таңда бұл - әлемдік автоспорттағы ең маңызды іс-шаралардың бірі

497 0

Бүгін "Жібек жолы - 2016" трансконтиненталдық ралли-марафонының 120 экипажы Астанаға ат басын тірейді. Елорда тұрғындары мен қонақтары жарысқа қатысушыларды сағат 21.00-де "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда қарсы алады, сонымен қатар, Astana Motorsports командасының төрт экипажының ресми таныстырылымын тамашалайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігнің ресми сайты.

Бүгінгі таңда бұл - әлемдік автоспорттағы ең маңызды іс-шаралардың бірі, "Жібек жолы" екі жылдық үзілістен кейін қайта жандандырылды. Ралли-марафон шілденің 8-і мен 24-і аралығында өтеді және үш астананы – Мәскеу, Астана және Бейжің қалаларын қамтиды. Маршруттың ұзындығы - 10 735 км астам, бұл аты аңызға айналған "Дакар" раллиіндегі қашықтықтан артық (биыл "Дакардың" ұзындығы 9 300 км құрады).

Қазақстанның атынан "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубының Astana Motorsports ралли-командасының 4 экипажы қатысады. 8 шілдеде Мәскеуден бастау алған ралли Астана арқылы өтіп, 24 шілдеде Бейжіңде аяқталады. Осы күнге дейін шараға қатысушылар 3000 шақырымнан астам жол жүрді. Экипаждар елордаға Қостанайдан келеді. Кеше жүргізушілер Ресей аумағындағы соңғы кезеңді аяқтап, Қазақстанның шекарасын кесіп өтті. Осылайша, жеті жылдан кейін төрткүл дүниедегі ең күрделі жарыстардың бірі "Жібек жолына" қайта оралды.

Бүгін раллиге қатысушылар сағат 16:45 шамасында елордаға келеді. Олар әлі 850 км жол жүруге тиіс. Мәреге жеткенше қала орталығымен өтіп, елордадағы мерекеге қатысады.

"Бәйтерек" монументінің алдында команда экипаждарымен баспасөз мәслихаты өтеді. Айта кетейік, Қытайға жол тартпас бұрын олар Балқаш пен Алматы қалаларына соғады.


Тегтер:

астана ралли

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!