Олимпиададан шеттетілген Ильин Англияға білім алуға барады

Фотография - Олимпиададан шеттетілген Ильин Англияға білім алуға барады

Ол спорттық психология мен спорт саласындағы менеджментті игермек.

1852 0

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин, жарыстан шеттетілгеннен кейін Англияда білім алуды жоспарлауда, деп жазады Today.kz. Жаттықтырушысының сөзінше, ол спорттық психология мен спорт саласындағы менеджментті игермек.

"20 жыл спортық мансабы кезінде ол білімге толық мән бере алмады. Қазір Илья кеткен олқылықтардың орнын толтырмақ, дегенмен, жаттығуын тастамайды. Ол спорттық психология мен спорт саласындағы менеджментті игеру үшін Англияға бет алмақ", - дейді Илиннің бапкері Ержас Болтаев.

 Сонымен бірге, Болтаев Қазақстан құрамасы қатарында Ильин болмағанмен, одан өзге де  жерге қаратпайтын спортшылар бар екенін айтты. Мысал ретінде Болтаев 2015 жылғы әлем чемпионы Александр Зайчиковты атады.  

ҚР қыздар құрамасының аға бапкері Вилорий Пак та Чиншанло, Манеза мен Подобедовасыз да қазақстандық команда алдағы Олимпиадада жүлделі оралатынына сенімді.

Айта кеткейік, 11 шілдеде Астана мен Текеліде ҚР ауыр атлетика құрамасына кандидаттарды шешуі таңдау өтті. Бұл тізімге Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова кірмеді.   

Рио олимпиадасына қазақстан атынан қатысатын спортшылар:

Әйелдер

Маргарита Елисеева (48 кг)

Карина Горичева (63 кг)

Жазира Жаппарқұл (69 кг)

Ерлер

Чонтей Арли (56 кг)

Харки Фархат (62 кг)

Рахимов Нижат (77 кг)

Уланов Денис (84 кг)

Зайчиков Александр (105 кг)



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!