"Астана" чемпиондар лигасының жаңа маусымын тең нәтижемен бастады

Фотография - "Астана" чемпиондар лигасының жаңа маусымын тең нәтижемен бастады

Олар сырт алаңда өткізген бірінші кездесуде гол соға алмады.

112 0

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап жатқан "Астана" алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізіп тең тарқасты. Литва астанасы Вильнюсте "Жальгриспен" өткен кездесуде қос команда да гол соға алмады. Қарымта кездесу 20 шілдеде Астанада өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:00 де басталады. 

"Астана" үшін бұл Чемпиондар лигасындағы екінші маусым. Өткен жылы олар өздері қатысқан алғашқы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен болатын. Топтық кезеңде Түркия чемпионы "Галатасарай", Португалия чемпионы "Бенфика" және Испания чемпионы "Атлетикомен" бір топқа түскен астаналықтар алты ойынның төртеуін тең аяқтап екеуінде ұтылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!