Футболдан Аргентина мен Бразилияның олимпиадалық құрамы белгілі болды

Фотография - Футболдан Аргентина мен Бразилияның олимпиадалық құрамы белгілі болды

Бразилия құрамасы әлі бірде-бір рет Олимпиада ойындарында топ жармаған.

167 0

Рио Олимпиадасының басталуыны да санаулы күн қалды. Осы орайда футболдан Олимпиада ойындарына қатысатын Аргентина мен Бразилияның құрамы белгілі болды. Аргентина құрамасының қатарында жұлдызды ойыншылардан ешкімді таба алмайсыз. Есесіне соңғы жылдары мол жетістікке жетіп жүрген "Атлетико" командасының бас бапкері Диего Симеоненің ұлы 18 жасар  Джованни Пабло Симеоне бар. Аргентина құрамасының толық тізімі:

Қақпашылар – Херонимо Рульи ("Реал Сосьедад", Испания), Аксель Вернер ("Атлетико Рафаэла");

Қорғаушылар – Хосе Луис Гомес ("Ланус"), Лисандро Магальян ("Бока Хуниорс"), Виктор Куэста ("Индепендьенте"), Лаутаро Гьяннетти ("Велес Сарсфилд"), Алексис Сото ("Банфилд"), Леандро Вега ("Ривер Плэйт");

Жартылай қорғаушылар – Маурисио Мартинес ("Росарио Сентраль"), Сантьяго Аскасибар ("Эстудиантес"), Хоакин Арсура ("Ривер Плэйт"), Лукас Ромеро ("Крузейро"), Джовани Ло Чельсо ("Росарио Сентраль"), Мануэль Лансини ("Вест Хэм");

Шабуылшылар – Анхель Корреа ("Атлетико"), Кристиан Эспиноса ("Уракан"), Джонатан Кальери ("Сан-Паулу"), Джованни Симеоне ("Ривер Плэйт").

Өз жерлерінде өткелі отырған Олимпиада ойындарында Бразилия құрамасы қалай да топ жаруды көздейді. Сол себепті де құраманың басты жұлдызы "Барселона" шабуылшысы Неймарды осы додаға қатыстыру үшін Америка кубогынан да босатқан болатын. Неймардан өзге мына футболшылар Рио жерінде ел намысын қорғайды.

Қақпашылар – Фернандо Прасс ("Палмейрас"), Уилсон ("Атлетико Минейро");

Қорғаушылар – Виллиам ("Интернасьонал"), Дуглас Сантос ("Атлетико Минейро"), Зека ("Сантос"), Родриго Кайо ("Сан-Паулу"), Луан ("Васко да Гама"), Маркиньос ("ПСЖ");

Жартылай қорғаушылар – Уоллас ("Гремио"), Тиаго Майя ("Сантос"), Родриго Дурадо ("Интернасьонал"), Рафаэль Алькантара ("Барселона"), Фелипе Андерсон ("Лацио"), Ренато Аугусто ("Бэйцзин Гоань");

Шабуылшылар – Неймар ("Барселона"), Луан Виейра ("Гремио"), Габриэл Барбоза ("Сантос"), Габриэл Фернанду де Жезус ("Палмейрас").

Төрт жыл бұрын Лондонда өткен Олимпиада ойындарында Бразилия құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші ойында Мексика құрамасына 2-1 есебімен жол берген болатын.Бес дүркін әлем чемпионы атанған Бразилия құрамасы әлі күнге дейін Олимпиада ойындарында топ жара алмай келеді.

Рио Олимпиадасында ерлерден 16 команда қатысады .

"А" тобы Бразилия,ОАР, Ирак Дания.

"Б" тобы Швеция,Колумбия,Нигерия, Жапония.

"С" тобы Фиджи,Оңтүстік Корея,Мексика,Германия.

"Д" тобы Гондурас,Алжир,Португалия,Аргентина

Рио Олимпиадасында футбол 3 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!