Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті

Фотография - Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті

Эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні - 5 тамызда Алматыда аяқталады.

222 0


Бүгін елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және олимпиадашылар мен паралимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеруге қатысушылар туды астаналық байкерлерге табыстады. Марафон 6 шілде – Елорда күнінде Алматыдан басталып, еліміздің батысына жол тартты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні - 5 тамызда Алматыда аяқталады. Мотошерудің ұзындығы - 7 мың км жуық.

"Мотошеру еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, келесі айда Бразилияға баратын олимпиадашыларды қолдау мақсатында өтіп жатыр. Меніңше, шара спортшыларымызға рух беріп, олар дүбірлі додада лайықты өнер көрсетеді", - дейді Қазақстан географиялық қоғамының және Қазақстан Байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин.

Мотошерудің туына еліміздің спортшылары өз қолдарын қоятын болады. 

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!