Головкин өзіне әлсіз қарсыластар таңдап жүр - Сауль Альварес

Фотография - Головкин өзіне әлсіз қарсыластар таңдап жүр - Сауль Альварес

Оныңпікірінше, GGG өзін жаңа деңгейге көтеретін қарсыласпен шыққан емес.

203 0

Қос салмақ категориясы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкинді әлсіз қарсыластар таңдағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Today.kz . Бұл пікірін мексикалық боксшы Ring TV арнасына берген сұқбатында білдірді.

"Оның барлық қарсыластары – жеңілдің асты. Ол өзін жаңа деңгейге көтеретін қарсыласпен ешқашан шыққан емес", - дейді "Канело".

Айта кетейік, Сауль Альварес WBC белбеуінен бас тартқаннан кейін бұл белбеу Мехикода салтанатты түрде Геннадий Головкинге табысталған болатын.

Ал 10 қыркүиек күні Лондонда Головкин британдық боксшы Келл Брукпен жекпе-жек өткізеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!