Рио Олимпиадасына баратын балуандардың құрамы бекітілді

Фотография - Рио Олимпиадасына баратын балуандардың құрамы бекітілді

Мәжіліс барысында күрес түрлерінің бас бапкерлері оқу-жаттығу жиындарының өту барысын және балуандардың қазіргі деңгейін айтып берді.

298 0


Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Атқарушы комитеті бюросының кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. Жиында Ұлттық құрама спортшыларының келе жатқан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына дайындығы талқыланды. Мәжіліс барысында күрес түрлерінің бас бапкерлері оқу-жаттығу жиындарының өту барысын және балуандардың қазіргі деңгейін айтып берді. Онда грек-рим балуандарының жетекшісі Таңат Сағындықов Алматы облысында өтіп жатқан соңғы жаттығу жиындарының маңыздылығын атап өтті.

"Осы дайындықтарда спортшылардың физикалық және тактикалық тұрғыда толыққанды дамуына барлық жағдай жасалған. Айтар болсақ, құрамамыздың ең ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрмахан Тінәлиевтің дайындықтарына Күрес федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері Конфедерациясының қолдауымен спарринг-серіктес ретінде Лондон Олимпиалдасының жүлдегері, литвалық Миндаугас Мизгайтис пен Олимпиада ойындарының қатысушысы беларустік Йосиф Чугошвили шақырдық", - деп атап өтті Сағындықов.

Еркін күрес құрамасының бас бапкер Сергей Белоглазов та өз спортшыларының дайындығы жоғары деңгейде өтіп жатқандығын хабарлады. Ол жеңіл салмақтағы Нұрислам Санаевқа да Ресей Федерациясынан бірнеше спарринг-серіктестің келгендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиында әйелдер құрамасының жетекшісі Қайрат Сағадиевте қалай жаттығу жасап жатқанын баяндап, қыздардың Рио Олимпиадасына толығымен дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қайрат Сағадиев: "алда Бразилияда соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Бұл спортшы қыздарымыздың ағзасын жергілікті климатқа бейімделуіне көмектеседі", - деп атап өтті. 

Жиналыс соңында Бюро мүшелеріні Олимпиада ойындарына қатысатын Ұлттық құраманың нақтылы тізімін бекітті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бапкерлер кеңесі Олимпиада ойындарына арналған ұлттық құраманы іріктеу шарттарын анықтаған болатын. Соңғы бір жыл бойы өткізілген чемпионаттардың және турнирлердің қорытындылары, Біріккен күрес әлемі (UWW) ұсынған әлемдік рейтингтегі деңгейі және де төртжылдықтың басты жарысына ұтып алған лицензиясы қарастырылған. Жоғарыда көрсетілген шарттарды ескере отырып, Бюрода ұлттық құрамамыздың нақты тізімін бекітті. Сондай-ақ, бюро отырысында бапкерлер кеңесі, командалық тәртіп және анти-допинг мәселесі жайлы сөз қозғады. Отырыс барысында барлық бапкерлерге өз шәкірттеріне допингпен күресу жайлы арнайы курстарды өткізуді тапсырыды. Анти-допинг ережелерін бұзған спортшыларға ең қатаң жаза қолданылатыны да ескертілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!