Қазақстанда Олимпиада ойындарына арналған пошта маркалары шығарылады

Фотография - Қазақстанда Олимпиада ойындарына арналған пошта маркалары шығарылады

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

313 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен "Қазпошта" АҚ "Спорт" сериясындағы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына арналған пошта маркаларын шығару туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Шығарылатын маркаларды ресми таныстыру Олимпиада ойындарынан кейін жоспарланып отыр. Пошта маркаларында Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшылардың бейнелері, ҚР ҰОК символикасы мен Олимпиада ойындарының "Rio 2016" атты жазуы болады.

"Олимпиада ойындарына арналған пошта маркаларын шығару тек спортшылар мен ҚР ҰОК үшін маңызды емес, сондай-ақ, қазақстандықтарға да қажет", - дейді ҚР ҰОК өкілдері. 

Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5 мен 21 аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын 100-ден аса спортшы қорғайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!