Футболдан Қазақстан біріншілігінің алғашқы айналымы аяқталды

Фотография - Футболдан Қазақстан біріншілігінің алғашқы айналымы аяқталды

Алматыда "Қайрат" "Таразды" ұтты

609 0

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнап жатқан командалар біріншіліктің алғашқы бөлігін аяқтады. Енді командалар алтыдан екі топқа бөлініп үздіктері жүлделі орындарға таласқа түссе, кестенің екінші бөлігіндегі алтылықтағы командалар жоғарғы лигада қалу үшін жанталасады. Алғашқы айналымның соңғы турына жоспарланған алты ойынның бірі кейінге шегерілді. Ол "Шахтер" мен "Астана" арасындағы кездесу. Оған себеп "Астананың" Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатуы. Оның үстіне бұл ойын нәтижесі турнирлік кестеге еш өзгеріс алып келмейді. "Астана" жеңілген күннің өзінде бірінші орынын сақтап қалса, "Шахтер" ұтқан күннің өзінде алғашқы алтылыққа іліне алмайды.

Сонымен, алғашқы алтылықтағы орындарын "Астана", "Қайрат", "Ертіс", "Оқжетпес" және "Ордабасы" клубтары ертерек иеленіп алған. Алғашқы айналымның соңғы турында талас соңғы орын үшін болды. Үміттілер:"Ақтөбе", "Тобыл", "Атырау" клубтары еді. Алғашқысы өз алаңында "Ордабасыны" қабылдаса, "Тобыл" сырт алаңда "Ақжайықпен" ойнады, ал "Атырауға" "Жетісу" клубы қонаққа келген. "Ақтөбе" клубы үшін алтыншы орында қалу үшін тең нәтиже жеткілікті болатын. Олар да "Ордабасы" да гол соғуға ұмтылмаған ойында 0-0 есебі тіркеліп "Ақтөбе" кіл мықтылармен ойнауға мүмкіндік алды. Ал "Тобыл" мен "Атырау" өз ойындарында жеңіске жетіп "Ақтөбемен" бірдей ұпай жинағанымен өзара кездесулерде аз ұпай жинау себебінде алғашқы алтылыққа іліне алмай қалды.  

Өзге ойындарда "Қайрат" "Таразды" ұтса, "Оқжетпес" "Ертіске" есе жіберді. Алматыда өткен ойында "Қайрат" қатарынан Исламхан,Аршавин және Гоу гол соқты. "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы өзінің Қазақстан біріншілігіндегі ең әдемі голдарының бірін салды.


 Қазақстан премьер-лигасының ХХІІ-туры:

"Оқжетпес" – "Ертіс" – 0:2

Голдар: Мұртазаев, 27. Гетериев, 67.

 

"Ақтөбе" – "Ордабасы" – 0:0

 

"Ақжайық" – "Тобыл" – 0:5

 Голдар: Савич, 50. Савич, 56. Жулпа, 75. Жұмасқалиев, 84. Хижниченко, 90

 

"Атырау» – "Жетісу" – 1:0 Гол: Трытко, 79.

 

"Қайрат" – "Тараз" – 3:1

 Голдар: Исламхан, 10 (1:0). Тәжімбетов, 19 (1:1). Аршавин, 41 (2:1). Гоу, 90+3 (3:1).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!