Олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың саны бір дзюдошыға артты

Фотография - Олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың саны бір дзюдошыға артты

Дидар Хамза Олимпиада ойындарына қатысады

184 0

Халықаралық дзюдо федерациясынан Қазақстан дзюдо федерациясына қуанышты хабар келді. Осыған дейін олимпиадаға жолдама алған канадалық Артур Маргелдионның қанынан допинг табылып, ол уақытша жарыстардан шеттетіліп, Рио олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сол себепті оның орнына 73 келі салмақтағы жерлесіміз Дидар Хамза Риода өткізілетін Олимпиадаға ресми түрде шақырту алды.

 Енді Бразилияда ел намысын қорғайтын дзюдошылар саны алтау болды. 60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Жансай Смағұлов, 73 келіде Дидар Хамза, 100 келіде Максим Раков және қыздар құрамасынан 48 келіде Галбадрах Отгонцегцег, 63 келіде Мариан Ордабаева күреседі. Құрама сапы бүгін Бразилияның Сан-Паулу қаласында оқу –жаттығу жиынын бастады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!