Жас астаналықтар II Халық ойындары фестиваліне қатысты

Фотография - Жас астаналықтар II Халық ойындары фестиваліне қатысты

Шара аясында асық ату, арқан тарту сынды қазақ ұлттық ойындары бар

199 0

Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің және аула клубтарының өкілдері "Жастар" сарайында бас қосты. II Халық ойындары фестивалінде командалар ересек жастағы және кіші жас категорияларында шеберлік байқасты. Жалпы, ойынға 66 бала қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шара аясында асық ату, арқан тарту сынды қазақ ұлттық ойындары, татардың ұлттық ойыны - "көянтә – чиләк белән йөгерү" (иінағашпен жүгіру), башқұрт халқының "йомортканы ҡалаҡкаhалып йүгереү" (жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру), беларусь халқының картоп егу, тәжіктің "Аспакбози" (ат құлағында ойнау) сияқты ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен шақырылған әртістер өз өнерлерін ортаға салды. Ойынға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осы сияқты шаралар Қазақстанда тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге негізделген ұлттық бірлік пен этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!