Риоға Қазақстан атынан 25 спорт түрі бойынша 106 спортшы барады

Фотография - Риоға Қазақстан атынан 25 спорт түрі бойынша 106 спортшы барады

ҚР МСМ-де Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейродағы олимпиадада қандай спорт түрлерінен медаль алуды жоспарлап отырғанын айтты.

474 0

ҚР мәдениет және спорт министрлігінде Today.kz редакциясының ресми сұранысына жауап беріп, қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы олимпиадада қандай спорт түрлерінен медаль алуды жоспарлап отырғанын айтып берді.

 Рио-де-Жанейродағы  XXXI  жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға Қазақстан Республикасының құрамасына 25 спорт түрінен 106 спортшы кірді", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Жүзу, стенд ату, велошоссе, велотрек, көркем гимнастика, семсерлесу, академиялық ескек есу, садақ ату, байдаркалар мен каноэде ескек слаломы, батуттан секіру, синхронды жүзу, заманауи бес сайыс, үстел теннисі, теннис, ашық суда жүзуге де қазақстандықтар қатысады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның спорт делегациясына 188 адам кірген. Штабты ҚР МСМ Спорт пен дене шынықтыру ісі бойынша комитететінің төрағасы Елсияр Қанағатов басқарады.

"Қазақстанның олимпиадалық құрамасы бокс, күрес түрлері, ауыр атлетика, дзюдо, жеңіл атлетика, велоспорт және таэквондо бойынша дәстүрлі түрде мықты саналады", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!