"Астана" - "Селтик" кездесуі тең аяқталды

Фотография - "Астана" - "Селтик" кездесуі тең аяқталды

Тартысты өткен кездесуді тамашалап, елордалық командаға қолдау көрсету үшін 29 мың жанкүйер жиналды.

359 0

"Астана Арена" стадионында елордалық футболшылар шотландиялық "Селтик" клубымен шеберлік байқасты. Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік кезеңіндегі бірінші матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресмит сайты.

Тартысты өткен кездесуді тамашалап, елордалық командаға қолдау көрсету үшін 29 мың жанкүйер жиналды.

Ойынның 18-ші минутында "Астана" ФК қорғаушысы Юрий Логвиненко қарсыласының қақпасына гол салып, есеп ашты. Команда бірнеше рет шабуылға шығып, жақсы ойын көрсетті. Бірақ екінші таймда қонақтар есепті теңестіре алды.

Кездесудің 77-ші минутында "Селтик" шабуылдаушысы Ли Гриффитс допты қақпаға дәл бағыттады. Есеп 1:1.

- Бүгін біздің команда жақсы ойын көрсетті. Көздеген мақсатымызға жете алмаған кездер болды. Шынымды айтсам, бұл матчты оңай жеңуге болатын еді. Алайда, Еурокубок ойындарындағы қателер қымбатқа түседі. Жанкүйерлерімізді қуантып, жақсы футбол көрсеткенімізге қуаныштымын, - дейді "Астана" ФК бас бапкері Станимир Стойлов. 

Оның айтуынша қарымта кездесуде елордалық спортшылар Чемпиондар лигасының келесі айналымына шығу үшін бар күш-жігерін салады.

"Селтик" фаворит болып қалсын, бірақ Глазгода өтетін кездесуде екі команданың да мүмкіндіктері тең", - дейді С. Стойлов.

Президенттік клубтың құрамына кіретін "Астана" ФК мен "Селтик" командасының арасындағы қарымта кездесу 3 тамызда Шотландияның Глазго қаласында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:45 (бейсенбіге қараған түні) басталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!