Қазақстан боксшылары Риоға аттанды

Фотография - Қазақстан боксшылары Риоға аттанды

Рио олимпиадасына Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет толық құрамда бара жатыр

1303 0

Бокстан Қазақстан ұлтттық құрамасын жанкүйерлер мен туысқандары және БАҚ өкілдері Астана әуежайынан Бразилия жеріне шығарып салды. Бесінші тамыз күні бастау алатын Рио олимпиадасына Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет толық құрамда бара жатыр. Яғни он салмақта да біздің жігіттер жүлделі орынға таласады. Олар: Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібай, Қайрат Ералиев, Берік Әбдрахманов, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко.

Фото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман МухатовФото - Сурет :©Арман Мухатов

Ерлерімізбен қоса тағы екі бұрымды қарындасымыз да Қазақстан намысын Рио жерінде қорғамақ. Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова өздері қатысқалы отырған алғаш Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көріну үшін аянып қалмайтынын жеткізді. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та Рио жеріне үлкен үміт арқалап бара жатқанын жасырмады. "Барлық жаттығулар жоғарғы деңгейде өтті.Мемлекет спортшыларымыздың алаңсыз дайындалуына бар жағдай жасады. Сондықтан тек жеңіс үшін, медаль үшін аттанып барамыз", деді Айтжанов мырза. 

Команда өздерімен бірге талай чемпиондарымызға күш- қуат берген  ұлттық тағамдарымыз қазы-қарта жал- жаяны да алып жүруді ұмытпады. 

Әуежайға жиналған жұртшылық батырларымызды зор құрмет көрсетіп, сәттілік тілеп шығарып салды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!