"Астана Марафонға" 5000 адам қатысады

Фотография - "Астана Марафонға" 5000 адам қатысады

Шараға қатысушылар 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтарға жүгіреді.

112 0


2009 жылдан бері өткізіліп жатқан Астана марафоны биыл ең ауқымды шаралардың бірі болмақ. Шараға қатысушылар 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтарға жүгіреді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл марафонға үкімет мүшелері, елшіліктер мен халықаралық және республикалық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдің атлеттері қатысады.

Марафонға қатысу үшін astana42k.com ресми сайтында онлайн режимде немесе Кроссфит Астана клубтарында тіркелу керек. Жарна сомасы - 3 мыңнан 7000 теңгеге дейін.

Айта кетейік, қатысушылар бірнеше санат бойынша тіркеледі. Мысалы, құрамында кемінде 5 адам бар әуесқой және спорт клубтарына 20% жеңілдік жасалады.

Жиналған қаржы қайырымдылық қорларға аударылады. Жалпы алғанда, 2009 жылы марафон өткізудің нәтижесінде 24 млн теңгеден артық қаржы жиналды. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ауыл жастарын спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған OneSteppeBeyond қайырымдылық жобасын іске асыруға жұмсалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!