Олимпиада ойындарына жаңа бес спорт түрі қосылады

Фотография - Олимпиада ойындарына жаңа бес спорт түрі қосылады

Олар:каратэ,серфинг,жарға өрлеу, скейтбординг пен бейсбол

760 0

ХОК комиссясы бес спорт түрінің олимпиада бағдарламасына енуін қолдады. Олар:каратэ,серфинг,жарға өрлеу, скейтбординг пен бейсбол/софтбол деп жазды ХОК ресми сайты.Бұл спорт түрлері Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға толыққанды енеді деп күтілуде.Соңғы шешім тамыздың 3 күні ХОК тың Рио-де-Жанейродағы сессиясында белгілі болады. Аталған спорт түрлері Олимпиада ойындарына енгізілген жағдайда қосымша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал ол жүлделерге 474 спортшы таласады.

Бір қызығы бұл спорт түрінің кейбірі бұдан бұрын да Олимпиада ойындары қатарында болған.Мысалға,бейсбол 1992-2008 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында болса, софтболдан 1996- 2008 жылдарда Олимпиада ойындарында сынға түскен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!