Юлия Путинцева Олимпиада ойындарына қатыспайды

Фотография - Юлия Путинцева Олимпиада ойындарына қатыспайды

Жарысқа қатыспауына оның иық жарақаты себеп болып отыр.

147 0

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Рио Олимпиадасына қатыса алмайтыны белгілі болды. Бұл туралы ҰШКРД баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

"Юлия Путинцева Рио Олимпиадасына қатыса алмайды деп жүз пайыз сенімділікпен айтуға болады. Оның Олимпиададан тыс қалуына иық жарақаты себеп болып отыр. Бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Одан бөлек, Михаил Кукушкин де жарақатына байланысты Риоға бармайды. Осылайша ел намысын Бразилия аламанында 106 емес, 104 спортшы қорғайтын болады", - дейді ол.

Енді Қазақстан намысын Рио жерінде үлкен теннистен тек Галина Воскобоева мен  Ярослава Шведова қорғайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!