Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фотография - Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Оның қарсыласы тәжірибелі итальян боксшысы Анжела Канецаро болды

145 0

Қазақстандық боксшы  Фируза Шарипова кәсібилер арасында екінші жекпе-жегінде мерейі үстем болды.

Испанияның Санта-Поло қаласында шілденің 30-ынан 31-іне қараған түні өткен кездесуде 21 жастағы боксшымыздың қарсыласы тәжірибелі итальян боксшысы Анжела Канецаро болды. Төрт раундқа шақталған жекпе-жек соңына дейін жеткізіліп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске отандасымыз лайық деп танылды. Осылайша Шәріпова әлем бойынша әйелдер боксындағы алғашқы промоуторлық компанияның қамқорлығымен алғашқы жекпе-жектерін бастап та кетті.

 Естеріңізге салсақ, 21 мамырда келісімге отырған Шәріпова кәсіби алаңдағы алғашқы кездесуінде ресейлік Софья Очигаваға жол берген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!