"Астана" ойыншылары "Селтикпен" ойынға ұшып кетті

Фотография - "Астана" ойыншылары "Селтикпен" ойынға ұшып кетті

Астанада өткен алғашқы ойын 1-1 есебімен аяқталған.

327 0

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кездесуінің қарымта ойынын өткізу үшін "Астана" Шотландияға ұшып кетті.

"Астана" "Селтикпен" ойынға мына құраммен аттанды.

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен;

Қорғаушылар: Игорь Шитов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Біржан Күлбеков;

Жартылай қорғаушылар: Абай Жүнісов, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Асқат Тағыберген, Агим Ибраими, Серікжан Мұжықов, Геворг Наджарян, Азат Нұрғалиев;

Шабуылшылар: Патрик Твумаси, Джордже Деспотович және Джуниор Кабананга.

"Жарақаттан кейін емделуді жалғастырған «Астана» капитаны Таңат Нөсербаев, Сербиядағы 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы қатарында жүрген жас жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев Шотландияға бара алмайды", - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, Астанада өткен алғашқы ойын 1-1 есебімен аяқталған.Қарымта кездесу 3 тамыздан 4-іне қараған түні Глазгода өтеді.Кездесуді "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!