Қазақстан Олимпиада чемпиондарына беретін сыйақы көлемінен әлемде үшінші орында

Фотография - Қазақстан Олимпиада чемпиондарына беретін сыйақы көлемінен әлемде үшінші орында

Қазақстан жеңімпаз атанған спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы береді.

532 0

Қазақстанның Олимпиада чемпиондарына деген құрметі ерекше.Оны чемпиондарға берілетін сыйақы көлемінен ақ байқасақ болады.

Біздің ел чемпион болған спортшыға 250 мың АҚШ доллоры көлемінде сыйақы бермек. Өзге елдермен салыстырсақ алдымызды Әзірбайжан мен Тайланд  орап тұр.Көш бастап тұрған Әзірбайжан елі жеңімпазға 510 мың АҚШ долларын, ал Тайланд болса 314 мың доллар береді. Алайда Тайланд чемпион атанған спортшыға сыйақының бәрін үйіп төгіп бірден бере салмайды.Спортшы сыйақысын жиырма жыл ішінде бөліп алып отырады. Бұл дегеніміз чемпион атанған спортшы ай сайын 1 300 доллардан жиырма жыл алады дегенді білдіреді.

 Төртінші орында Филиппин мемлекеті.Олар жеңімпазға 237 мың АҚШ долларын береді. Ал бесінші орында көршілес өзбек елі(200мың АҚШ доллары)

Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есепте көш басында жүрген елдердің сыйақы көлемі анау айтқандай көп болмай шықты. Олардың ішінде салыстырмалы түрде көп сыйақыға кенелетіндері ресейліктер.Чемпиондары  60 мың доллар алады. Қытай елі 50, АҚШ 25, Германия 19,5 мың АҚШ долларын мемлекет қазынасынан бөліп береді. Ал Ұлыбритания елінде чемпион болған споршыға сыйақы беру қарастырылмаған. 

Естеріңізге салсақ, Бразилия жеріндегі Олимпиада ойындары 5 – 21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!