Лероя Сане "Манчестер Ситимен" бес жылға келісім-шартқа отырды

Фотография - Лероя Сане "Манчестер Ситимен" бес жылға келісім-шартқа отырды

Жаңа ойыншы командада 19 номермен ойнайды

207 0

Ағылшындық "Манчестер Сити" Германия құрамасының ойыншысы Лероя Санемен толықты.

 "Манчестер Сити" "Шальке" ойыншысы Лероя Санемен келісім-шартқа отырды. Германия құрамасының ойыншысы биылғы маусымда клуб қатарын толықтырған бесінші ойыншы. Ол командада 19 номермен ойнайды. Сане клубпен бес жылдық келісімге келді" деп мәлімдеді "Манчестер Сити" командасының ресми сайты.


"Мен өзімді жақсы сезінудемін.Осы клубқа ауысқаным үшін бақыттымын. Ендігі жерде осы қалада тұрып "Сити" үшін ойнайтын боламын. Менің осы клубты таңдауыма Пеп Гвардиола себепкер болды. Ол мені "Манчестер Ситиге" ауысуға көндірді. Одан көп нәрсе үйренетінімді білемін" , деді команданың су жаңа ойыншысы Сане.

Жоғарыда атап өткеніміздей бұл "Манчестер Ситидің" жазғы трансферлік маусымдағы бесінші сатып алған ойыншысы. Бұған дейін команда қатарын Нолито, Илкай Гюндоган, Александр Зинченко және  Аарон Муй толықтырған. Командаға осы маусымнан бастап жаңа бас бапкер болып "Барселон" мен "Баварияда" мол жетістікке жеткен қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие бапкерлердің бірі Пеп Гвардиола келген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!