Елдос Сметов Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Фотография - Елдос Сметов Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Жартылай финалдық кездесулер Астана уақытымен 00:30 да басталады.

603 0

Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақтағы  жерлесіміз Елдос Сметов жартылай финалға шықты.

Ол  алғашқы кездесуінде ливийялық Мухамед Элькависті иппонмен жеңсе,екінші жекпе -жегінде британдық Эшли Маккензиден ұпай санымен басым болды.Ал ширек финалдық кездесуінде басты қарсыластарының бірі өзбек Диёрбек Урозбоевты ұтып жүлделі орынға жақындай түсті.Оның жартылай финалдағы қарсыласы Әзірбайжан дзюдошысы Орхан Сафаров болмақ.

Екінші жартылай финалда ресейлік Беслан Мудранов пен Грузия спортшысы Амиран Папинашвилимен кездеседі.

Жартылай финалдық кездесулер Астана уақытымен 00:30 да басталады.

Естеріңізге салсақ Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кеше басталған.Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғап жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!