Отгонцэцэг Галбадрах - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

Фотография - Отгонцэцэг Галбадрах - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

Рио Олимпиадасының қола жүлдесін Отгонцэцэг Галбадрах ұтып алды

1975 0


Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені дзюдо спортынан жеңіл салмақтағы Қазақстан атынан сынға түскен монғол қызы Отгонцэцэг Галбадрах салды,деп хабарлайды Today.kz.

Ол жұбаныш белдесуінде венгриялық Эвой Черновицкиді таза жеңді.Ал үшінші орынға таласта Отгонцэцэг Галбадрах кубалық спортшы Местре Альваресті ұтты.

Бұдан бұрын осы дзюдо спортынан ерлер арасында Елдос Сметов Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққанын хабарлағамыз.

Естеріңізге салсақ, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кеше басталған.Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғап жатыр. XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-26 аралығында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!