Елдос Сметов Олимпиада ойынының күмісін иеленді

Фотография - Елдос Сметов Олимпиада ойынының күмісін иеленді

Ол финалда ресейлік спортшымен кездескен

1921 0


Қазақстандық дзюдошы Олимпиада ойындарының финалында ұтылып, күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Today.kz.

Ол Олимпиада ойындарындағы  алғашқы кездесуінде ливиялық Мухамед Элькависті таза жеңсе, екінші жекпе -жегінде британдық Эшли Маккензиден ұпай санымен басым болды. Ал ширек финалдық кездесуінде басты қарсыластарының бірі өзбек Диёрбек Урозбоевты ұтып жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз.

Елдос Сметов жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Сафаровты ұтты.

Олимпиада  ойындарының алтын жүлдесін жерлесіміз Ресей спортшысы Беслан Мудрановпен сарапқа салған. Өкінішке орай, ақтық бәсекеде жерлесімізге сәттілік жетіспеді.

Бұл салмақтың қола жүлделері Жапония спортшысы Наохиса Такато мен өзбек Диёрбек Урозбоевке бұйырды.

Бұған дейін қазақ спортшыларының арасында Олимпиаданың алтын жүлдесін алған спортшы болмаған. Тек Асхат Жітікеев қана 2008-ші жылы Бейжіңде өткен төртжылдықтың басты жарысында күміс жүлде иеленген. Елдос Сметов сол жетістікті қайталап отыр.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Олимпиададағы екінші жүлдесі. Алғашқы жүлдені осы дзюдо спортынан Отгонцэцэг Галбадрах алған еді. Ол үшінші орын үшін таласта Местре Альваресті ұтып, ел қоржынына қола жүлде салған.

Естеріңізге салсақ, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кеше басталды. Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғап жатыр. XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-26 аралығында өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!