Фархад Харки Қазақстан қоржынына үшінші жүлдені салды

Фотография - Фархад Харки Қазақстан қоржынына үшінші жүлдені салды

Бұл Қазақстан ауыр атлеттерінің жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

2146 0


Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасында үшінші жүлдесін  жеңіп алды. Бұл жолы ауыр атлетикадан Фархад Харки  62 келі дейінгі салмақта қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Today.kz.

Жұлқа көтеру сайысында Фархад 135 келіні көтеріп үшінші орынмен аяқтаған. Ал серпе көтеруде 170 келілік зілтемірді басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 305 кг салмақ қазақстандыққа қола жүлде алып келді. Бұл салмақтың алтын жүлдесі екі сайыс қортындысында 318 келіні бағындырған колумбиялық Оскар Фигероаға бұйырса, күмісті индонезиялық Юли Ираван Эко еншіледі. Бұл салмақта алтын жүлдеге басты үміткерлердің бірі қытайлық Чэнь Лицзюнь жарыс барысында жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады.

Фархад Харки Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп үлгерген қазақстандық ауыр атлеттердің үшіншісі. Бұған дейін қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Маргарита Елисеева бесінші орынмен шектелсе, ерлер арасында Арли Чонтей төртінші орыннан аса алмаған.

Естеріңізге салсақ, бұл осы Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның жеңіп алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін дзюдо спортынан Елдос Сметов күміс, Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлде иеленген.

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-26 аралығында өтеді. Қазақстан намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғап жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!