Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - төртінші күн

Фотография - Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - төртінші күн

Көрнекі фото

Олимпиаданың төртінші күнінде 3 қазақстандық спортшы жарысқа шығады.

914 0


Рио Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың төртінші күнгі кестесі анықталды, деп хабарлайды Today.kz

 9 тамыз күні қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындарындағы сайыстарын жалғастырады. Республикамыздың намысын 3 спортшы қорғамақ.  

 Ауыр атлетика: 00:30 – 02:30 (күндізгі сессия). Тікелей трансляция. ("Қазақстан").   

 Әйелдер, 63 кг. дейінгі салмақ («A» тобы). Финал. Карина Горичева.

 Дзюдо: 19:00 – 22:00 (күндізгі сессия), 00:30 – 03:10 (кешкі сессия). Тікелей трансляция. (KazSport).      

 Әйелдер, 63 кг. дейінгі салмақ. Алдын-ала белдесулер, финалдық жекпе-жектер. Мариан Урдабаева.

 Суда жүзу: 22:00 – 23:45 (күндізгі сессия), 07:00 – 09:10 (кешкі сессия). Тікелей трансляция (KazSport, "Қазақстан").     

 Ерлер. жүзу, жартылай финал, финал. Дмитрий Баландин (200 метр дистанциясына, брасс).

 Естеріңізге саламыз, Олимпиаданың үшінші күнінде 62 килограммға дейінгі салмақта жарысқан қазақстандық ауыр атлет Фархад Харки Олимпиаданың қола медалін иеленді. 

Фархад Харкидің медалі Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарында жеңіп алған үшінші жүлдесі болды. Дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қазақстандық команданың қоржынына биылғы жарыстардағы алғашқы медальді салса, осы спорт түрінде өнер көрсетіп жүрген палуанымыз Елдос Сметов күміс жүлделер есебін ашты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!