Қазақстан Олимпиадада алған медальдарының саны бойынша 25 орында келеді

Фотография - Қазақстан Олимпиадада алған медальдарының саны бойынша 25 орында келеді

Скриншот: google.com

Осы күні құрама есебінде 3 медаль бар

690 0


Қазақстан құрама командасы алған медальдар саны бойынша Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың үшінші күні қорытындысында 25-ші орынды иеленіп отыр, деп хабарлайды Today.kz.

 Осы уақытқа дейін құрама қоржынында үш медаль: Елдос Сметовтың «күмісі» және дзюдошы Отгонцецег Галбадрах пен ауыр атлет Фархад Харкидің «қолалары».

 2016 жылдың жазғы Олимпиадалық ойындарының көшін 5 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль алған Қытай командасы бастап келеді. Екінші орында 4 алтын, 7 күміс, 6 қола ұтқан американдық спортшылар командасы. Үздік үштікке 4 алтын, 3 қола медаль иеленген Австралия құрамасы кіреді. 2 алтын, 4 күміс және 3 қолаға қол жеткізген Ресей командасы қазірше 7 орында келе жатыр.  

 Рио-де-Жанейрода тамыздың 5 мен 21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындары өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!