Словениялық суға секіру спортының шебері тікелей эфирде қаза болды

Фотография - Словениялық суға секіру спортының шебері тікелей эфирде қаза болды

metro.co.uk

Андрей Беюц 20-метрлік биіктіктен секіріп, бір мезетке су бетіне шықты да, батып кетті.

494 0

Словениялық кәсіби спортшы – суға секіру шебері Андрей Беюц Босния және Герцеговинада өткен турнирде қаза тапты. Ол қауіпті трюк – суға 20 метр биіктіктегі көпірден сүңгу кезінді мерт болды, деп хабарлайды Today.kz британдық METRO газетіне сілтеме жасап.

 Жарыстар Босния және Герцеговинаның солтүстік-шығысындағы  Зворник қаласында өтіп, жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде көрсетілген.

 "Көрермендер спортшының кенет суға бата бастағанын байқап қалып, құтқарушылардың оған назар аударуы үшін айқайлап, ысқыра бастағаны белгілі», - деп мәлімдейді басылым.  

 Оқиға орнына жеткен дәрігерлер спортшыға көмектесе алмады.

 Арты қазамен жалғасқан қатерлі трюк жазылған бейнематериалды  Today.kz этикалық түсініктерге байланысты жарияламайды.

Естеріңізге саламыз, биылғы шілдеде АҚШ каскадеры, 42 жасар Люк Эйкинстің 7,6 метр биіктіктен парашютсыз секіргені тікелей эфирде көрсетілген болатын. Калифорния штатының оңтүстігінен тікелей трансляцияны Fox телеарнасы жүргізген.

 Жоспарлағандай, екі минут еркін ұшқаннан кейін, Эйкинс құрылыс крандары арасына созылған, ауданы футбол алаңының үштен біріндей торға келіп қонды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!