Ауыр атлетші Карина Горичева Риодағы Олимпиаданың төртінші медаліне ие болды

Фотография - Ауыр атлетші Карина Горичева Риодағы Олимпиаданың төртінші медаліне ие болды

©Ізтұрған Алдауев

23 жасар спортшы қола медалін ұтып алды.

643 0


Қазақстандық ауыр атлетші Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 63 кг. дейінгі салмақта 23 жасар Горичева  жұлқи көтеру түрінде 11 кг. көрсеткішпен екінші орынға шықты. Серпе көтеруде Горичева алғашқы әрекетінде-ақ 132 кг. көтерді. Бұл оның жүлдегерлер қатарына қосылуға мүмкіндік берді. Одан кейінгі екі әрекетінде ол 137 кг. салмақты бағындыра алмады.

 Осылайша, қоссайыстың қорытынды 243 кг. көрсеткішімен Горичева Олимпиадалық ойындардың қола жүлдесіне қол жеткізді. Карина Горичева Қазақстан құрамасының олимпиадалық қоржынына төртінші медальді салды. Оған дейін дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қазақстандық спортшылар арасында алғашқы қола медальді, дзюдошы Елдос Сметов – алғашқы «күмісті», ал ауыр атлетші Фархад Харки тағы бір қола медаль қосқан еді.

XXXI жазғы Олимпиадалық ойындар Рио-де-Жанейрода  21 тамызға дейін жалғасады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!