"Алтын" мен "күміс" менен – ҚР ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни

Фотография - "Алтын" мен "күміс" менен – ҚР ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни

baq.kz

Команда бапкері Алексей Ни Карина Горичеваның жарысытуралы өз пікірін айтты.

681 0


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Олимпиаданың соңына дейін спортшыларымыздың тағы бір-бір алтын және күміс медаль ұтатынын айтты, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы ауыр атлеттердің бапкері Sports.kz интернет-порталына мәлімдеген.

 «Медальдар үшін күресеміз. «"Алтын" мен "күміс" – менен», — деді Алексей Ни. 

 Сондай-ақ, ол 63 кг. дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған Карина Горичеваның жарысы туралы пікір бөлісті. Қоссайыста ол 243 (111+132)  кг. көтерді. 

 "Бұған дейін Карина ересектер арасында елеулі жеңістерге жеткен жоқ, тіпті Азия шеңберінде де. Бүгінгі Олимпиадалық медалі – үлкен жетістік. Мен бұл жігіт пен қыздардың кеше ғана құраманың екінші номерлері болғандары, әлі ысылмағандары туралы айтқан болатынмын. Олимпиадада жеңіске жету үшін ең кемі – әлем біріншілігінде жеңу қажет.  Мұндай бекемдік Елисеевада да, Горичевада да жоқ, өйткені Бразилияға дейін олар биік белестерді бағындыра қойған жоқ. Сондықтан да Каринаның бүгін медаль алуы – өте тамаша", — деді Алексей Ни.  

Қазақстан құрамасының бас бапкері Карина Горичеваның жіберген қателіктерін егжей-тегжейлі талдап берді. 

 "Сіздер өздеріңіз де бәрін көрдіңіз. Олар алғашқы әрекетке шыққанда уайымдап, «күйіп» кетеді. Сондықтан біз мейлінше сақтандық. Алғашқы салмақты көтергеннен кейін оның өз күшіне деген сенімі  ұлғайды. Жұлқи көтеруде оның бір әрекеті сәтсіз болды.  Жаттығу кезінде Карина 115 кг. салмақты оп-оңай көтерген. Жұлқа көтеруде салмақ қосқанда, ол кореялықпен таласа алар еді. Кореялықтың салмақты қаншалықты қиналып көтергенін өздеріңіз де көрдіңіз. Ал омыраудағы салмақты оп-аңай көтеретін Карина асығыстық жасап, штанганы алға қарай итерді. Бұл техникалық қателік: ол салмақты алға шығарылған аяққа салып, тепе-теңдігінен айырылды. Ол 137 кг. көтерген жағдайда, мен оған 140 кг. қояр едім ", — деді бапкер.

 А. Нидің айтуынша, 48 кг. дейінгі салмақта бесінші орын алған Маргарита Елисеева да үлкенірек салмақ көтере алуы мүмкін болған. Ол Қазақстан құрамасының бүгінгі құрамының келесі Токиода өтетін Олимпиадалық ойындарда кемеліне жететініне сенімді.

 "Бұл өз шеберліктерін Токиода көрсететін, болашақтың командасы. Осы Олимпиададан өтіп, 2020 жылы олар өте күшті атлеттерге айналады. Осында жинап жатқан тәжірибелермен ештеңе теңесе алмайды", — деп түйіндеді Ни.

 Естеріңізге саламыз, 10 тамызда Карина Горичева Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 9 тамызда Риода қазақстандық ауыр атлет Фархад Харки 62 кг. дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!