Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - бесінші күн

Фотография - Олимпиада ойындары - 2016. Қазақстандық спортшылар кестесі - бесінші күн

today.kz

Бүгін Қазақстан құрамасының мүшелері спорттың жеті түрінен сайысады.

309 0


Қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиадалық ойындардың бесінші күнінде қатысатын жарыстар кестесі анықталды, деп хабарлайды Today.kz. Олар спорттың жеті түрінде жарысқа түседі.

 18:00 – Тапаншамен 50 метр қашықтықтан ату. Қазақстан атынан бұл спорт түрінде Владимир Исаченко пен Рашид Юнусметов жарысады.

 19:00 - Велоспорт. Жеке жарысқа Андрей Зейц түспек.

 21:02 – Садақ ату. Садақ атушылардың арасындағы жеке жарыстар финалының 1/32 сатысында украиналық Анастасия Павловамен қазақстандық Луиза Сайдиева жарысады.

 22:05 - Семсерлесу. Қылышпен семсерлесуден жеке турнирде өз шеберлігін Спортшы финалдың 1/16 бөлігіндегі жекпе-жегін американдық Дэрил Гомермен өткізбек.

 Бокс:

 02:00 – 49 кг. дейінгі салмақта финалдың ¼ сатысындағы жекпе-жекте Біржан Жақыпов Өзбекстаннан келген Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.  Тікелей эфир ("Хабар").

 04:30 - 91 килограммға дейінгі салмақта Василий Левит өзінің ширек финалдағы қарсыласы, маврикиялық Кеннеди Сент-Пьерді жеңбек. Тікелей эфир ("Хабар").

Ауыр атлетика:

 00:30 - 69 килограммға дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл жарысқа шығады. Тікелей эфир ("Казахстан").

 04:00 -  77 килограммға дейінгі салмақта Қазақстан намысын Ниджат Рахимов қорғайды. Тікелей эфир ("Казахстан").

 07:50 - Жүзу. Брасспен 200 метрге финалдық жүзуге Дмитрий Баландин қатысады. Тікелей эфир ("Казахстан").

 Естеріңізге саламыз, 48 кг. дейінгі салмақта шеберлік көрсеткен дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қазақстандық спортшылар арасында Рио Олимпиадасының алғашқы қола медалін ұтты. 7 тамызда  дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы «күмісті», ал 9 тамыз күні ауыр атлетші Фархад Харки тағы бір қола медалін салған еді. 10 тамызда 63 кг. дейінгі салмақта жарысқан Карина Горичева 3-ші орын алып, Қазақстан құрамасының жеңістер қоржынына төртінші медальді салды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!