Нижат Рахимов Риодағы Олимпиада ойындарының алғашқы «алтын» медалін әкелді

Фотография - Нижат Рахимов Риодағы Олимпиада ойындарының алғашқы «алтын» медалін әкелді

Фото: ©Content Buro

Ауыр атлет Нижат Рахимов жалпы қорытынды есеп бойынша 379 килограмм көтерді де, әлемдік рекордты жаңартып, олимпиадалық чемпион атанды.

621 0


77 кг салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Қазақстанға Риодағы Олипиада ойындарының алғашқы медалін әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұлқа көтеруден Рахимов үшінші орынға жайғасты. Үздік көрсеткіші 165 кг. Фото: ©Content BuroФото: ©Content Buro

Серпе көтеруден Рахимов екінші талпыныста 214 кг көтерді. Нәтижесінде ол әлемдік рекордтты жаңартты да, әлем чемпионы болды.

Екінші орында 2012 жылғы олимпиада ойындарының чемпионы қытайлық Люй Сяоцзюнь. Жалпы қорытынды есеп бойынша ол да 379 килограмм көтеріп, өзінің ірі салмағының салдарынан Рахимовтан кейінгі болып қалды. Үшінші орынға мысырлық Мохаммед Махмуд 361 килограмм көтеріп жайғасты.

Рахимовтың медалі Қазақстан үшін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының алғашқы «алтын» медалі. Жалпы еліміздің қоржынында осымен алты медаль болды: бір «алтын», екі «күміс» (дзюдоист Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл), сонымен қатар, үш «қола» (дзюдоист Отгонцэцэг Галбадрах, ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева).

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 21 дейін жалғасады.  

Ниджат Рахимов 1993 жылы Бакуде туған. 2010 жылы Еуропадағы жасөспірімдер арасындағы іріктеу турынан бірінші орын алса, Сингапурдегі жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Ал, 2013 жылы Ниджат Рахимов 18 әзербайджандық штангышымен бірге допинг қолданғаны үшін ойындардан шеттетілген еді.

2014 жылы Ниджат Рахимов Қазақстан азаматтығын алды. Оның әкесі Әли Рахимовтың айтуынша, бұған Әзірбайжан құрамасында тәртіптің болмауы себеп. Алғаш рет ол Қазақстан атынан Қытайда өнер көрсетіп, төртінші орын алған болатын. 2015 жылы ол Хьюстонда өткен әлем чемпионатының чемпионы атанды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!