Ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күмісін жеңіп алды

Фотография - Ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күмісін жеңіп алды

Фото: ©Content Buro

Спортшы қыздың медалі Қазақстан қоржынындағы бесінші жүлде болды.

545 0


Қазақстандық ауыр атлетші Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 69 кг. Дейінгі салмақта 22 жасар Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруден 115 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. 117 кг салмақты ол көтере алмады. Жарыстың бірінші түрінен кейін  116 кг. көтерген Қытай спортшысы Сян Яньмэй көш бастады. Өз кезегінде оған 118 кг. салмақ көнбеді. Үшінші орынға египеттік Сара Ахмед тұрақтады. Оның көрсеткіші – 112 килограмм.

 Серпе көтеруде қазақстандық спортшы 140 кг. салмақтан бастап еді, алайда, алғашқы мүмкіндігін сәтсіз аяқтады. Бұл салмақты Жазира тек екінші әрекеттен көтерді. Ал оның қытайлық қарсыласы 142 килограммдық штанганы бірден көтерді. Соңғы әрекетінде жерлесіміз 144 кг. салмақты көндірсе, Яньмэй одан бір кг. артық салмақ көтерді.

 Қоссайыс нәтижесінде Жазира Жаппарқұл 259 кг. жинап, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

 Жазира Жаппарқұлдың жүлдесі Қазақстан құрамасының Олимпиадада ұтқан бесінші медалі болды.  Дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах жерлестеріміздің биылғы Олимпиадалық ойындардағы алғашқы медалін жеңсе, дзюдошы палуан Елдос Сметов қоржыңға алғашқы «күмісті» салды. Ауыр атлетшілер Фархад Харки мен Карина Горичева тағы бір-бір қола медальдан жеңіп алды.

 XXXI жазғы Олимпиадалық ойындар Рио-де-Жанейрода, 5 – 21 тамыз аралығында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!