Кәрім Мәсімов әкімдерге аймақтарда спорттық мереке ұйымдастыруды тапсырды

Фотография - Кәрім Мәсімов әкімдерге аймақтарда спорттық мереке ұйымдастыруды тапсырды

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің фотосуреті

Үкімет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі постында Астанада қыркүйектің төрті күні өтетін халықаралық марафон жайында хабарландыру жасады.

413 0


ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов әкімдерге аймақтарда спорттық мереке ұйымдастыру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы министрлер кабинетінің басшысы өзінің  Twitterдегі аккаунты арқылы жазды.

 #Тәуелсіздіктің25жылдығы хэштегі арқылы Кәрім Мәсімов Астанада қыркүйектің төрті күні 42 км қашықтықта дәстүрлі марафон өтетінін айтты.

 Естеріңізге салайық, тамыздың тоғызы күні ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің Twitterдегі аккаунты арқылы #Тәуелсіздіктің25жылдығы хэштегін жария етті. Осы арқылы Премьер-министр қазақстандықтардың жетістігін біріктіруді ұсынған болатын.

Фото -

Айта кетейік, 2016 жылғы астаналық марафон әдеттегіден ірі шара болады деп жоспарланып отыр. Шара 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Ел Үкіметінің мүшелері, елшіліктердің, халықаралық және республикалық компаниялардың  қызметкерлері, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдердің спортшылары 10 километр, 21,1 және 42,2 километр қашықтықта өздерінің күшін сынап көре алады.

Ертеректе премьер-министр Кәрім Мәсімов Instagram арқылы өзінің таңғы жүгіру сәтін жариялаған еді.  Өзінің дәстүрлі таңғы жүрігуін ол Астананың орталық паркінде өткізді. Масимов Instagram арқылы өзінің велосипедпен Ақмола облысы Шортанды ауданы Күлшін ауылы маңында жүрген сәтінен де сурет жария еткен болатын. Премьер-министр ҚР ЖЖЕ-не сәйкес, автомагистральда велосипедпен жүруге болмайтындықтан, айыппұл төлегенін де жасырмады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!